Әзербайжан 100-ге жуық армян әскерінің мәйітін қайтаруға дайын

Әзербайжан Арменияның шабуылының артынан залалсыздандырған армян әскерлерінің мәйітін қайтаруды ұсынды.

1880199
Әзербайжан 100-ге жуық армян әскерінің мәйітін қайтаруға дайын

Әзербайжан Арменияның арандатушылығымен басталған қақтығыста қаза тапқан 100-ге жуық армян әскерінің мәйітін қайтаруға дайын екенін мәлімдеді.

Әзербайжан Республикасы Тұтқын, хабарсыз кеткен және кепілге алынған азаматтардың мемлекеттік комиссиясы жасаған мәлімдемеде 12-13 қыркүйек күні Әзербайжанның шекара тұтастығына қарсы арандатушылықтардың алдын алғаны еске салынды.

Осының нәтижесінде Әзербайжанның халықаралық гуманитарлық құқыққа адалдығын көрсеткені баса айтылған мәлімдемеде «Армения атысты тоқтатуға шақырылып, қаза тапқан 100-ге жуық армян сарбазының мәйітті біржақты армян тарапына тапсыруға дайын екені хабарланды» делінді.

Бұл мәселе бойынша Халықаралық Қызыл Крест комитетіне де хабарланғаны атап көрсетілді.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі 12 қыркүйекке қараған түн мен 13 қыркүйек күні азанда Армения армиясының Әзербайжанмен шекараның Дашкесен, Келбажар, Лачин және Зангилан бағыттарында ауқымды арандатушылық жасағанын хабарлаған еді.

Шабуылдарда 50 шейіт берген Әзербайжан армиясы Армения қарулы күштерінің атыс орындарын жою және қақтығыстың тарауының алдын алу үшін тойтарыс беріліп, армян әскерлеріне үлкен шығын келтірілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар