Бағдат Әміреев Әзербайжан сарбаздары үшін көңіл айтты

Бағдат Әміреев қақтығыста қаза тапқан Әзербайжан сарбаздары үшін көңіл айту жолдамасын жариялады.

1879629
Бағдат Әміреев Әзербайжан сарбаздары үшін көңіл айтты

Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Бағдат Әміреев Әзербайжан-Армения шекара желісінде болған қақтығыста қаза тапқан Әзербайжан сарбаздары үшін көңіл айту жолдамасын жариялады.

Түркі мемлекеттері ұйымынан жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Бас хатшы Бағдат Әміреев Әзербайжан мен Армения шекарасында Армения қарулы күштерінің әскери арандатушылықтарына алаңдаушылық білдіріп, оқиғаны  айыптады.

Әміреев Оңтүстік Кавказдағы түбегейлі бейбітшілік және тұрақтылық үшін Әзербайжан мен Армения арасындағы қарым-қатынастардың қалыпқа келуіне және бейбітшілік үдерісінің маңыздылығына тоқталды.

Әміреев Әзербайжанның аумақтық тұтастығы мен халықаралық деңгейде мойындалған шекараларының мызғымастығын қолдайтынын қайталай отырып, Арменияны көршілес екі ел арасында жасалған келісімдерге бойсұнуға  шақырды.



Ұқсас жаңалықтар