Тоқаев өрт болған аймаққа барды

Қазақстанның солтүстігіндегі орман алқабында тұтанған өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.

1876087
Тоқаев өрт болған аймаққа барды

 

3 күн бойы жалғасқан өрт адам өмірін алып кетті.

10 адам жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Мыңдаған адам эвакуацияланды.

Қазақстанның Қостанай облысындағы орман алқабында ірі өрт шықты. Өрт салдарынан мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілді. 1 адам қайтыс болды, 10 адам жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі өртті сөндіруге 2 мыңға жуық өрт сөндіруші, 7 тікұшақ пен 200-ден астам техника жұмылдырылғанын хабарлады.

Өңірге қолдау ретінде Қазақстан Қарулы Күштерінен 120-дан астам десантшы мен 400-ден астам сарбаз жіберілді.

Облыстағы елді мекендерден 1841 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Ондаған мал қырылып қалды. Өртеніп, зақымданған ғимараттардың саны 108-ге жетті. 98 үй толығымен өртенді.

Өрт 43 мың гектар аумаққа әсер етті.

Аймақта төтенше жағдай жарияланды.

Зардап шеккендерге қолдау көрсету қоры құрылып, мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетілетіні хабарланды.

Өрт орнындағы шығынды анықтау жұмыстары жалғасуда.

Үкіметке бірінші кезекте халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өңірде құрылған штабты аралады. Тоқаев әуеден өрт аумағын қарап шықты, содан кейін биліктен өрт туралы соңғы ақпаратты алды.

Президент Тоқаев аймақтағы жағдай бақылауда екенін мәлімдеді. Ол табиғи апатты жою үшін барлық қажетті шаралар қабылданғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев өрттің себебін анықтап, алдағы уақытта осындай дағдарыстық жағдайлардың алдын алу үшін шаралар қабылдау керектігін білдірді.

Сондай-ақ ол орманды қалпына келтіру үшін қажетті жұмыстар жүргізілетінін айтты.



Ұқсас жаңалықтар