Қазақстан экономикасы өсуде

Ағымдағы жылдың 7 айында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 3,3 пайызға өскені хабарланды.

1869683
Қазақстан экономикасы өсуде

Қазақстан экономикасы өсу үстінде.

Ағымдағы жылдың 7 айында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 3,3 пайызға өскені хабарланды.

Апта сайын өтетін Министрлер кеңесінің отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстанның қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндамасын жасады.

Баяндамада елдің жалпы ішкі өнімі 2022 жылдың 7 айында 3,3 пайызға өсіп, құрылыс, телекоммуникация, сауда, тасымалдау және сақтау, өңдеу өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы салаларында өсім байқалғаны айтылды.

Осы кезеңде сыртқы сауда көлемінің 39,4 пайыз артып, 63,7 миллиард долларға жеткені айтылған мәлімдемеде өңдеу өнеркәсібі өнімдері экспортының 33,5 пайыз өсіп, 12 миллиард долларға жеткені білдірілді.

Ал жиында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов шілде айында елдегі жылдық инфляцияның 15 пайызға жеткенін, азық-түлік бағасының 19,7 пайызға өскенін атап өтті.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Исмаилов үкіметке инфляциямен күресті жалғастыруды тапсырды.



Ұқсас жаңалықтар