Қазақстанда 8-ші Халықаралық армия ойындары басталды

Бұл жарыс 13 елде өтеді.

1869020
Қазақстанда 8-ші Халықаралық армия ойындары басталды

 

Халықаралық армия ойындары аясында 38 ел әскерлері 36 түрлі жарыста бақ сынайды.

Қазақстан әскері осы жарыстардың жетеуіне қатысады. Үш жарысты өз елінде өткізеді.

8-ші Халықаралық Армия ойындарының үшеуі Қазақстан аумағында өтеді.

Ақмола, Қарағанды ​​және Жамбыл облыстарындағы полигондарда өтетін «Артиллерия шеберлері», «Меридиан» және «Тактикалық атқыш» жарыстарына 26 команда қатысады.

Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық қорғаныс университетінде Армия ойындарының ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты шараға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Венесуэла, Вьетнам, Зимбабве, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Мали, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан сияқты 13 елдің қарулы күштерінің өкілдері қатысты.

Қазақстанның Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жарысқа қатысушылар алдында сөз сөйлеп, сарбаздардың жауынгерлік дайындығы мен шеберлігін арттырудағы мұндай шаралардың маңызды рөліне назар аударды.

«Халықаралық армия ойындары – әртүрлі мемлекеттердің қарулы күштері арасындағы ынтымақтастықтың бірегей нысаны, жауынгерлік дағдылар мен жеке құрамның далалық дайындығын арттырудың тиімді жолы. Байқаудың басты ерекшелігі – олар өздерінің кәсіби шеберліктерін майдан даласында емес, жарыс алаңында дәлелдейді» деді ол.

ҚР Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес, жарыстар 27 тамызға дейін жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар