Тәжікстанда «Аймақтық ынтымақтастық - 2022» әскери жаттығуы басталды

АҚШ Орталық қолбасшылығы ұйымдастырған әскери жаттығу 20 тамыз күні аяқталады.

1867215
Тәжікстанда «Аймақтық ынтымақтастық - 2022» әскери жаттығуы басталды

АҚШ Орталық қолбасшылығы Орталық Азия елдерімен бірлесе ұйымдастырған әскери жаттығу Тәжікстанда басталды.

АҚШ-тың Тәжікстандағы елшілігінің мәлімдемесіне қарағанда басқала Душанбеде АҚШ, Пәкістан, Моңғолия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан қарулы күштерінің қатысуымен «Аймақтық ынтымақтастық - 2022» әскери жаттығуы өтуде.

Жаттығудың ашылуында үн қатқан АҚШ-тың Тәжікстандағы елшісі Джон Марк Поммерсхайм, аталмыш жаттығудың аймақтық мәселелерге бейбіт шешімдерін табу, ақпарат алмасу және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты жақсарту үшін маңызды бір форум қызметін атқаратынын білдірді.

АҚШ Орталық қолбасшылығы ұйымдастырған әскери жаттығу 20 тамыз күні аяқталады.



Ұқсас жаңалықтар