Өзбекстан Қорғаныс министрімен сөйлесті

Қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық туралы пікір алмасылды.

1866755
Өзбекстан Қорғаныс министрімен сөйлесті

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Өзбекстан Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Бахадыр Курбановпен телефон арқылы сөйлесті.

Министрліктен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда телефон әңгімесінде екіжақты және аймақтық қауіпсіздік мәселелері мен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық туралы пікір алмасылды.

Әңгіме барысында екі бауырлас ел арасындағы әскери білім саласындағы ынтымақтастықты жалғастыру жөніндегі түсіністік те атап өтілді.



Ұқсас жаңалықтар