Әзербайжан елшілігіне шабуыл жасалды

ТР Сыртқы істер министрі Әзербайжанға қолдау білдірді.

1863967
Әзербайжан елшілігіне шабуыл жасалды

Әзербайжанның Ұлыбританиядағы елшілігіне радикалды діни топ шабуыл жасады.

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі Лондондағы елшілік ғимаратына бір топтың кіріп, бұзақылық әрекет жасағаны, ғимараттың балконына діни туларды іліп, радикалды ұран салғанын хабарлады.

Радикалды топ мүшелері жергілікті полиция тарапынан ұсталды. Елшілік қызметкерлері арасында зардап шеккендер жоқ.

Оқиғаны жергілікті құқық қорғау органдары анықтап жатыр.  

Әзербайжан Вена конвенциясына сәйкес дипломаттар мен дипломатиялық ғимараттардың қауіпсіздігіне қатысты ескертуін Ұлыбритания билігінің назарына жеткізді.

ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовқа Ұлыбританияда Әзербайжан елшілігіне жасалған шабуылға байланысты телефон шалды. Ол ізгі тілектерін жеткізіп, Әзербайжанға деген қолдауды қайталады.



Ұқсас жаңалықтар