БҰҰ-нан Әзербайжан мен Арменияға шақыру

БҰҰ Бас хатшысының баспасөз өкілі Стефан Дюжаррик мәлімдеме жасады.

1864051
БҰҰ-нан Әзербайжан мен Арменияға шақыру

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) бас хатшысы Антониу Гутерриш Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығысты «келіссөз арқылы шешуге» шақырды.

БҰҰ Бас хатшысының баспасөз өкілі Стефан Дюжаррик БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде өткен баспасөз мәслихатында Гутерриштің екі жақтың мәселелерін шешу үшін ең жақсы жолдың келіссөз екеніне сенгенін атап көрсетті.

Дужаррик Бас хатшының Армения мен Әзербайжан арасындағы Қарабах аймағы мен төңірегіндегі соңғы шиеленісті алаңдаушылықпен қадағалап отырғанын тілге тиек етті.

Мәлімдемеші «Бас хатшы екі тарапты сабыр сақтауға және олардың арасындағы барлық мәселелерді келіссөз арқылы шешуге шақырады» деді.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі алдынғы күні Таулы Қарабах аймағында қарулы армяндардың заңсыз әрекетіне қарсы операция басталғанын жариялап, орыс күштерінің уақытша бақылауындағы аймақтарда заңсыз армян күштерінің лаңкестік және саботажы нәтижесінде Әзербайжан армиясына құрамындағы бір әскердің шәйіт болғаны атап көрсетілген болатын.

2020 жылдың 27 қыркүйек күні Армения армиясының бейбіт елді мекендерге жасаған шабуылынан кейін Әзербайжан армиясы Қарабах аймағында басып алынған жерлерін азат ету үшін операция бастаған еді.

44 күнге созылған қарқынды шайқастан кейін Ресей 2020 жылдың 10 қараша күні Әзербайжан мен Арменияның атысты тоқтату туралы келісімге келгенін және Бакудің басып алынған қалаларды қайтадан бақылауға алғанын хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар