Армения Әзербайжан бекіністеріне оқ жаудырды

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі әскери бекіністеріне армян қарулы күштерінің 12 рет оқ атқанын мәлімдеді.

1864218
Армения Әзербайжан бекіністеріне оқ жаудырды

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі соңғы 24 сағатта Әзербайжан армиясының бекіністеріне армян қарулы күштерінің 12 рет оқ атқанын хабарлады.

Министрлік жасаған мәлімдемеде Келбеджер және Лачин қалалары бағытындағы бекіністердің Басаргечер облысының Нериманлы және Заркент елді-мекендеріндегі армян бекіністерінен үш рет атқыланғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде орыс күштері уақытша орналастырылған Әзербайжан аумағында орналасқан заңсыз армян қарулы топтарының Агдам, Ходжавенд және Ходжалы қалалары бағытындағы Әзербайжан армиясының бекіністеріне тоғыз рет оқ атқаны хабарланды.

Мәлімдемеде Әзербайжан армиясында қызметкер мен техника шығыны болмағаны, Әзербайжан сарбаздарының шабуылды тойтарғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар