Әзербайжан армиясынан маңызды мәлімдеме

Карабахтағы заңсыз армян бекіністері жойылды.

1863417
Әзербайжан армиясынан маңызды мәлімдеме

Әзербайжан армиясы Қарабахтағы заңсыз армян қарулы күштеріне тиесілі бірнеше позицияны жойды, бұрынғы Агдере облысының Жоғарғы Оратағ елді мекеніндегі әскери бөлімге әуе шабуылын жасады.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Ресей жасақтарының уақытша бақылауындағы аймақтарда заңсыз армян күштерінің жүргізген лаңкестік және диверсиялық әрекеті нәтижесінде Әзербайжан армиясынан бір әскердің шәйіт болғаны еске салынды.

Мәлімдемеде Армения күштерінің Келбесер және Лачин провинцияларын қамтитын тау жоталарындағы Кыркыз биігін басып алып, онда жаңа позициялар құруға тырысқаны атап өтілді.

Әзербайжан әскерінің «Қысас» деп аталатын операция жүргізгені, Кіші Кавказ тау тізбегінің Қарабах сілемдерінде орналасқан Сарыбаба мен басқа да бірқатар үстем төбелердің бақылауға алынғаны хабарланды.

Әзербайжан әскерлерінің бұл бағытта жаңа позициялар орнату және жеткізу жолдарын салу жұмыстары жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

Операция аясында заңсыз армян қарулы күштеріне тиесілі бірнеше бекіністің жойылғаны және бұрынғы Агдере облысында әскери бөлімге әуе шабуылы жасалғаны хабарланды.

Шабуылда заңсыз армян күштері арасында қаза тапқандар мен жараланғандар болған, бірнеше D-30 гаубицасы, әскери көліктер мен көптеген оқ-дәрілер жойылған.

Армян заңсыз күштерінің Ресей жасақтары бақылауындағы аймақтардан уақытша шығарылуы және армян қарулы күштерінің қарусыздандырылуы керектігі атап көрсетілді. Әйтпесе ел аумағында әр түрлі лаңкестік әрекеттер мен арандатушылықтардың орын алатыны атап өтілді.



Ұқсас жаңалықтар