Түркия-Өзбекстан-Әзербайжан үш жақты кездесуі басталды

Министрлер кездесуден кейін Ташкент декларациясына қол қояды.

1862593
Түркия-Өзбекстан-Әзербайжан үш жақты кездесуі басталды

Түркия-Өзбекстан-Әзербайжан Сыртқы істер, Сауда және Қатынас министрлерінің үшжақты кездесуі Өзбекстанның астанасы Ташкентте басталды.

Түркиядан Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Сауда министрі Мехмет Муш, Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу, Әзербайжаннан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов, Цифрлық даму және көлік министрі Решат Небиев, Экономика министрі Микаил Каббаров, Өзбекстаннан Сыртқы істер министрінің орынбасары Владимир Наров, Қатынас министрі Ильхам Махкамов, Сыртқы сауда және инвестициялар министрінің орынбасары Ләзиз Кудретов қатысты.

Жиынның ашылуында сөз сөйлеген Владимир Наров кездесуді Әзербайжан тарапының ұсынысы және Түркияның қолдауымен өткізіп отырғандарын болатынын мәлімдеді.

«Халықаралық қарым-қатынастар және жаһандық экономикадағы қарқынды даму шын мәнінде Түркия-Өзбекстан-Әзербайжан диалог форматын дамытуды қажет етті және бұл мүмкіндігінше тезірек жасалуы керек» деген  Наров мемлекет басшыларының саяси ерік-жігері мен соңғы жылдары салған жолының арқасында Өзбекстанның Әзербайжан және Түркиямен қарым-қатынастары жаңа дәуірге қадам басқанын және стратегиялық тереңдікке ие болғанын айтты.

Наров көптеген халықаралық мәселелерде елдердің ұстанымы ортақ екенін және бір мақсатқа ұмтылатынын атап өтті. «Бұл бейбіт, тұрақты және серпінді түрік әлемін құру» деді ол.

Түркия, Өзбекстан және Әзербайжанның аймақаралық ынтымақтастықта маңызды актер бола алатынына назар аударған Владимир Наров осы аймақтың мыңдаған жылдар бойы шығыс пен батыс, солтүстік пен оңтүстік арасында көпір қызметін атқарғанын айтты.

Өзбекстан Сыртқы істер министрінің орынбасары өз елінің Баку-Тбилиси-Карс темір жолының транзиттік әлеуетін белсенді пайдалануға үлкен мән беретінін атап өтті.

Наров Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолы жобасының құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі бүгінде жалғасып жатқанын мәлімдеді. Ол осы теміржолды Транскавказ дәлізімен байланыстыру арқылы Қытайдан Еуропаға дейін географияда желі құрылатынын және Өзбекстанның бұл тұрғыда Зенгузар дәлізінің қайта іске қосылуын қолдайтынын атап көрсетті.

Кездесуде Түркия, Өзбекстан және Әзербайжан сыртқы істер, сауда және көлік министрлері үш елдің ортақ күн тәртібіндегі мәселелер бойынша, әсіресе Шығыс-Батыс Орталық мәселелері бойынша үйлестіру мен ынтымақтастықты арттыруға қатысты мәселелерді талқылайды.

Министрлер кездесуден кейін Ташкент декларациясына қол қояды.



Ұқсас жаңалықтар