Сүлейман Сойлу Өзбекстан Ішкі істер министрімен кездесті

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу «Біз өз еліміз үшін не қаласақ, Өзбекстан үшін де соны қалаймыз» деді.

1860713
Сүлейман Сойлу Өзбекстан Ішкі істер министрімен кездесті

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Өзбекстанның тұрақтылығы мен дамуының Түркиядан бөлек қаралмайтынын айтты.

Сойлу «Біз өз еліміз үшін не қаласақ, Өзбекстан үшін де соны қалаймыз» деді.  

Сүлейман Сойлу ресми сапармен барған Өзбекстанның бас қаласы Ташкентте Ішкі істер министрі Пулат Бобожоновпен кездесті.

Сойлу мен Бобожонов Ішкі істер министрлігінде өткен жеке кездесуден кейін делегациялар арасындағы кездесуге төрағалық етті.

Кездесуде сөз сөйлеген Сойлу екі ел арасындағы қарым-қатынастың жан-жақты серіктестік деңгейіне жеткенін еске салып, осы сәтте барлығына үлкен жауапкершілік жүктелгенін атап өтті.

Бұл табыстың сырының әр салада көрсетілген шынайылық пен бауырмалдық екенін атап көрсеткен Сойлу «Осы таңда Өзбекстан өзінің стратегиялық орнымен, жүріп жатқан бағытымен, бірінші кезекте адамдарға деген көзқарасымен реформалар мен дамуда үлкен қадамдар басуда. Біз бұған қатты ризамыз» деген сөздер қолданды.

Өзбекстан Ішкі істер министрі Бобожонов  та Түркия Ішкі істер министрлігінің қауіпсіздік, қоғамдық қауіпсіздік, терроризммен күрес және қылмыспен күресу салаларындағы бай білімі мен тәжірибесінің Өзбекстан үшін өте маңызды екенін атап өтіп, соңғы жылдары маңызды қадамдар басылғанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар