Азат етілген аймақтарға қайта оралу басталды

Оккупация салдарынан туған жерлерін тастап кетуге мәжбүр болған жүздеген мың адам елдеріне қайтады.

1857296
Азат етілген аймақтарға қайта оралу басталды

Әзербайжанның Армения оккупациясынан азат етілген аймақтарына азаматтар орала бастады.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев «үлкен қайта оралу» деп сипаттаған және жылдар бұрынғы оккупация салдарынан туған жерлерін тастап кетуге мәжбүр болған жүздеген мың адамды елдеріне қайтаруды мақсат еткен бағдарлама аясында алғашқы көші-қон жүзеге асырылды.

Алғашқы көш Зенгилан уәлаятының Ағали ауылына жасалды, ол жер  Зенгезур дәлізінің бойында. Кеше Әзербайжан мемлекеті «ақылды ауыл» деген ұғыммен қалпына қайта келтірген Ағали ауылына 58 адамнан тұратын 10 отбасы қоныс аударып, үйлеріне орналасты.

Апта ішінде тағы 31 отбасының Ағалиге көшуі жоспарланды. Осылайша бірінші кезеңде 41 отбасы Ағалиге қоныстанып, осы отбасылардағы барлық ересектер жұмыспен қамтылады.

Ағалиге қоныстанған отбасылар үшін ауылшаруашылық алаңдары да бөлінді. Ауыл тұрғындарының бір бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысса, бір бөлігі бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін болады.

Әзербайжан үкіметі азат етілген аймақтарда қалпына келтіру және жаңғырту жұмыстарын қарқынды түрде жалғастыруда. Үкімет ауылдар мен қалалардың құрылысы аяқталғаннан кейін халықтың өз жерлеріне оралуы процесін кезең-кезеңімен атқарады.

27 жылдан кейін 2020 жылдың 20 қазанында Әзербайжан әскері Зенгилан қаласының орталығы мен 6 ауылды, сондай-ақ Физули, Джебраил және Хокавендтегі 18 ауылды армян басқыншыларынан азат еткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар