Түркия Нұр-Сұлтанда мұқтаждар үшін құрбан шалды

Дін істері қоры жолдаған 54 ірі қара мал сойылып, Қазақстанның көптеген аймағындағы мұқтаж адамдарға таратылды.

1854698
Түркия Нұр-Сұлтанда мұқтаждар үшін құрбан шалды

Құрбан айттың үшінші күні Түркия Дін істері басқармасы қоры Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтан қаласында мұқтаж адамдарға құрбан етін таратты. Дін істері қоры жолдаған 54 ірі қара мал сойылып, Қазақстанның көптеген аймағындағы мұқтаж адамдарға таратылды.

Нұр-Сұлтанда қор тарапынан 13 іріқара мал сойылып, мүмкіндігі кемшіл балалары бар отбасыларына берілді.

Түркияның Қазақстандағы өкілетті елшілігі Дін істер басқармасының хатшысы Нешет Бодур қазақ отбасылармен айт мерекесін бірге өткізгендерін айтты.

Нешет Бодур: "Құрбан айт бөлісу, басқа бауырластармен жақындасу, араласу мерекесі. Біз бүгін Нұр-Сұлтанда осы дәстүрді жалғастырудамыз. Елдің түрлі аймақтарында, Алматы, Шымкент, Түркістан сияқты қалаларда құрбандарымыз шалынып, таратылды, Аллаға шүкір" деді.

ТИКА Қазақстанның ұйымдастыруымен құрбан етімен бірге балаларға мерекелік сыйлықтар да таратылды. Жәрдем материалдары  кемтар баласы бар 200 отбасы мен 4 медресеге жеткізілді. 

"Бақытты шаңырақ" Азаматтық ұйымның директоры Ботакөз Сұлтанова: "Түркия Дін істер басқармасы қоры мен ТИКА ұйымына алғыс айтамын. Түрік бауырластарымыз осы мағыналы айт мерекесінде бізбен бірге болды, мұқтаж және мүмкіндігі кемшіл отбасыларға жәрдем жеткізді, біздің іс-шараларымызға көмектесті" деді.

Яна Ковалчук атты орыс тұрғын: "Шынын айтқанда күтпеген едік, Түркияға жәрдемдері үшін алғыс айтамын" деген тілегін жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар