Теңіз кен орнында жарылыс болды
2 жұмысшы қаза тауып, тағы 3 адам жарақат алды.
1852854

Қазақстандағы ең ірі үш мұнай кен орнының бірі Теңізде болған жарылыс салдарынан 2 жұмысшы қаза тауып, тағы 3 адам жарақат алды.
Қазақстанның Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада елдің батысындағы Атырау облысының шекарасында орналасқан Теңіз кенішінде жарылыс болғаны хабарланды.
Мәлімдемеге қарағанда, кен орнындағы атмосфералық газы бар құбырда гидротест жүргізілген. Қысымға төтеп бере алмаған құбыр жарылып кеткен.
Жарылыста 2 жұмысшы қаза тауып, 3 адам жарақат алған, біреуінің жағдайы ауыр екені.