Әлиев БҰҰ-на үн қатты

Ильхам Әлиев: "Біз реформаларды қолдаймыз. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдері саяси үстемдік негізінде болмасын" деді.

1850766
Әлиев БҰҰ-на үн қатты

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ)  Қауіпсіздік Кеңесіндегі реформаны қолдайтындарын айтты.

Ильхам Әлиев астана Бакуде өткен Қосылмау қозғалысының Парламенттік желі конференциясының ашылуында сөйлеген сөзінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдері кейбір жағдайларда қысқа мерзімде орындалғанын, ал кейбір жағдайларда жылдар бойы қағаз жүзінде қалып қойғанын айтты.

Ильхам Әлиев:

"Біз реформаларды қолдаймыз. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдері саяси үстемдік негізінде болмасын" деді.

Әзербайжан территориясының бір кездерде Армения тарапынан жауланғанына, аймақтың ауыр күйретілгеніне тоқталған Әлиев Әзербайжан территориясын құтқарып, әділет пен халықаралық құқықты қайта қалпына келтіргенін атап айтты.

Ильхам Әлиев мәселенің шешімі үшін құрылған Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы Минск тобының ешбір мәселені шешпегенін ескертіп:

"Минск тобы мәселенің мәңгі шешілмеуін қалаушылардың құралына айналды. Бүгін Әзербайжан территория тұтастығын қамдағандықтан Минск тобының қажеті қалмады" деп көрсетті.

Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыстың тек аймақтық емес, жаһандық тақырып екенін айтқан Әлиев:

"Бұл тек қана халықаралық құқықтың негізгі ережелеріне толық қайшылық жасау. Сонымен бірге БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі шешімдеріне ауыр қайшылық жасау және оны елемеу жағдайы болатын. 1993 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі 4 шешім қабылдады. Осы шешімде Армениядан жаулап жатқан жерлерден шартсыз түрде шығуы сұралды.  Алайда бұл шешімдер атқарылмады.  БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі шешімдері кейбір жағдайларда бірнеше күн ішінде орындалады, ал Әзербайжанға келгенде бұл шешімдер қағаз бетінде ғана қалды. Бұл  БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде реформа жасалуы керектігін күн тәртіпке әкеледі.  БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі шешімдері атқарылмаса, онда шешім қабылдаудың не мағынасы болмақ.  Біз реформа жасалуын қолдаймыз. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі шешімдерінің саяси үстемдік негізінде орындалуы тоқтағаны жөн" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар