Ильхам Әлиев Мұстафа Шентопты қабылдады

Кездесуде 2-ші Таулы Қарабах соғысында Қосылмау қозғалысы Парламенттік желісіне мүше елдердің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Әзербайжанға қолдау беруінің маңыздылығы атап көрсетілді.

1850352
Ильхам Әлиев Мұстафа Шентопты қабылдады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп Қосылмау қозғалысы Парламенттік желісінің Баку конференциясына қатысу үшін барған Әзербайжанда президент Ильхам Әлиев тарапынан қабылданды.

Әзербайжан Президенттік сарайынан жасалған мәлімдемеде Мұстафа Шентоп Қосылмау қозғалысы Парламенттік желісінің Баку конференциясының маңыздылығына тоқталып, Әзербайжанның ұйымға табысты түрде төрағалық еткенін айтқаны білдірілді.

Әзербайжан мен Түркия арасындағы парламенттерарасы байланыстардың жоғарғы өреге жеткенін айтқан Шентоп Түрік Мемлекеттері Ұйымы мен ТүрікПа көлеміндегі ынтымақтастықтың маңызды екеніне назар аударды.

Кездесуде 2019 жылы Бакуде өткен Қосылмау қозғалысы Парламенттік желісінің конференциясына Әзербайжанның арнайы шақыруымен Түркияның қатысуы маңызды екені білдірілді.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Әзербайжанның  Қосылмау қозғалысы Парламенттік желісінің дамуына, ұйымдық құрылымына ерекше мән беретінін және осы бағытта талпыныстар көрсеткенін айтты.

Кездесуде 2-ші Таулы Қарабах соғысында Қосылмау қозғалысы Парламенттік желісіне мүше елдердің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Әзербайжанға қолдау беруінің маңыздылығы атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар