Түркияның бас омбудсмені Қазақстанға ресми сапармен барды

Шереф Малкоч TRT арнасына арнайы мәлімдеме жасады.

1847952
Түркияның бас омбудсмені Қазақстанға ресми сапармен барды

Түркияның бас омбудсмені Шереф Малкоч Қазақстанға ресми сапармен барды.

Қазақстанның бас қаласы Нұр-Сұлтанда Орталық Азия мен Ауғанстандағы адам құқықтары жөніндегі ұлттық механизмдердің екінші аймақтық консультативтік кеңесіне қатысқан Шереф Малкоч TRT арнасына арнайы мәлімдеме жасады.

Ол  Қазақстанда кездесулер өткізді. Малкоч Қазақстанның Әділет министрімен, Қазақстанның Бас прокурорымен және ҚХА-мен екіжақты кездесулер өткізді. Кездесулер барысында адам құқықтарын қорғау және екі елдің құқық саласындағы бірлескен жұмысы талқыланды.

Бұл ретте Қазақстанда өткен Конституциялық референдумнан кейін енгізілетін түзетулер талқыланды.

Бас омбудсмен Шереф Малкоч кездесулерден кейін TRT арнасына арнайы мәлімдеме жасады.

 «Қазақстан мен Түркия мемлекеті - достас мемлекеттер. Қазақстан халқы мен түрік халқы - бауырлас халық. Сондықтан біздің қарым-қатынастарымыз осыншама берік болуы керек» деді ол.

Малкоч  «Біз Түрік әлемінің омбудсмендерімен бірге 2022 жылы 13 мамырда Бурсада бас қосып, Түрік әлемі омбудсмен ұйымын құрдық. Біздің Қазақстанға келудегі мақсатымыз – біз осы жерде Омбудсмен ұйымымен  қалай жұмыс істей аламыз, түркі әлеміндегі басқа Омбудсмен мекемелерімен қалай жұмыс істей аламыз, соларды талқылауға келдік» деді.

  «Маусым айының басында, 5 маусымда Қазақстанда конституцияға өзгеріс енгізілді. Бұл әсіресе заңның үстемдігі, әділеттілік, теңдік және адам құқықтары тұрғысынан өте маңызды. Қазақстанда конституциялық сот құрылды. Ал Қазақстандағы омбудсмен Түркиядағыдай конституциялық институтқа айналды. Бұл халықтың заңын мемлекет пен атқарушы билікке қарсы қорғау тұрғысынан, заң үстемдігі және адам құқықтары тұрғысынан өте маңызды» деді ол.

Омбудсмен Шереф Малкочтың айтуынша, Түрік әлемінің омбудсмен мекемелері арасында іс-шаралар жоспары дайындалып, кадр алмасу бағдарламасы жүзеге асырылады. Бұл ретте үш ай сайын онлайн форматта кездесулер мен оқыту бағдарламалары ұйымдастырылатын болады.

«Біз Түркия Омбудсмені ретінде Қазақстан Омбудсменімен қарым-қатынасты дамытып, бірлескен бағдарлама жасауға келдік. Ал Қазақстанның Әділет министрімен кездесуіміз ерекше нәтижелі болды. Айырықша  Қазақстанның Бас прокурорымен кездесуіміз ерекше нәтижелі болды» деді Малкоч.

  Шереф Малкоч «Адамдардың түсі әртүрлі, ұлттары әртүрлі, географиясы әртүрлі болуы мүмкін. Олардың тілі ағылшын, араб, түрік немесе қазақ, орыс тілдері болуы мүмкін. Бірақ адамның ортақ тілі – заң, адам құқығы және әділеттілік. Біз мұны қамтамасыз етуге тырысамыз» деді.

Сапарының екінші күні Малкоч Орталық Азия Омбудсмендерінің екінші консультативтік кездесуіне қатысты.

Кездесуде Орталық Азия мен Ауғанстандағы әйелдер құқығын қорғау және қауіп-қатер жағдайында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тетіктері талқыланды.

Қазақстанның мемлекеттік органдарымен және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен өткен кездесуде адам құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық мәселелері де талқыланды.



Ұқсас жаңалықтар