Тоқаев Хаманеймен кездесті

Кездесуге президент Ибрахим Реиси де қатысты.

1845596
Тоқаев Хаманеймен кездесті

Иранға ресми сапармен барған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен делегациясы Иранның діни лидері Әли Хаманеймен кездесті.

Иран ресми ақпарат агенттігінің хабарламасына қарағанда,  Тегеранда болған кездесуде Хаманей мен Тоқаев екі ел қатынастары және аймақтық мәселелерді қолға алды. Кездесуге президент Ибрахим Реиси де қатысты.

Хаманей Иран мен Қазақстан арасындағы тарихи және мәдени байланыстарға назар аударып, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың әсіресе аймақтық түрлі салаларда жетілдіріле түсуі керектігін білдірді.  Хаманей саяси және экономикалық тақырыптарда қатынастарды жылдамдату үшін координацияға шақырып, ортақ комиссия құрылуын ұсынды.

Ресейдің Украинадағы соғысына да тоқталған Әли Хаманей осы тақырыптағы негізгі проблеманың батыс елдерінің НАТО-ны кеңейтіп, күшін арттыру екенін айтты.

Қазақстан президенті Тоқаев болса Реисимен жақсы кездесу жүргізгенін, екі тарап арасында қол қойылған құжаттардың Иран мен Қазақстан арасындағы қатынастардың жетіле түсуіне мүмкіндік беретінін айтты.

Ол екі ел арасындағы тарихи және мәдени ұқсастықтарға тоқталып, Хаманейдің Ислам ойшылы Фараби жөнінде ғылыми комитет құру ұсынысына риза болғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар