Астана процесі кездесулері аяқталды
Жиналыстың басты күн тәртібі сириялық босқындардың еліне қайтуын қамдайтын шаралар болды.

Қазақстанның бас қаласы Нұр-Сұлтанда Астана процесі кездесулерінің 18-ші жиналысы өткізілді.
Сирия мәселесінің шешімі үшін жүргізілген кездесулердің соңында ортақ мәлімдеме жарияланды.
Түрік Сыртқы істер министрлігінің жиналыс жайлы мәлімдемесінде бөлшектеуші террористік ұйым PKK/YPG-мен күрес және ел шекараларын қорғау шешімінің жалғасатыны білдірілді.
Жиналыстың басты күн тәртібі сириялық босқындардың еліне қайтуын қамдайтын шаралар болды.
Сыртқы істер министрлігінің жиналыс жайлы мәлімдемесінде тараптар көрші елдердің ұлттық қауіпсіздігіне зиянды бөлшектеуші оқиғаларға қарсы күрес жігерлерін көрсеткені білдірілді.
Мәлімдемеде Сирияда операциялар жасаған террористік ұйымдардың түрліше атпен және олардың жалғастары арқылы әрекет етуі мен шабуылдары айыпталғаны атап көрсетілді.
Мәлімдемеде Сирияның солтүстігіндегі заңсыз және ауыз жүзіндегі "жергілікті әкімшілік" талпынстарын қамтыған барлық террорлық ұйымдасуды қолдаған елдердің іс-шаралары айыпталды.
Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне сай Сирияда саяси шешім процесін жалғастыруға тәуелді болуға келісілгені білдірілді.
Ұқсас жаңалықтар

«Отандастар» қоры мен Түріксой арасында меморандумға қол қойылды
Түріксой Бас хатшысы Сұлтан Раев «Отандастар» қорының басшысы Абзал Сапарбекұлымен кездесті.