Түркияда білім алу үшін сұхбат процесі басталды
Қазақстандық талапкерлер жыл сайын болғандай биыл да стипендиялық бағдарламаға үлкен қызығушылық танытты.
ТР Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы ұйымдастырған «Түркия стипендиялары» аясында онлайн өтініш берген студенттердің сұхбат сатысы Қазақстанда басталды.
Қазақстандық талапкерлер жыл сайын болғандай биыл да стипендиялық бағдарламаға үлкен қызығушылық танытты.
Қазақстанда «Түркия стипендиялары» бағдарламасы аясында талапкерлерді қабылдау процесі басталды.
Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасының өкілдері Нұр-Сұлтан қаласындағы Юнус Эмре институтында және Алматыдағы Еуразия зерттеу институтында сұхбат жүргізеді.
Әңгімелесуге бакалавриат, магистратура және докторантураға түсуге үміткер студенттер қатысады.
Түркия Республикасының елшілігі жанындағы білім беру кеңесілігі биыл үлкен жұмыс жүргізді. Нәтижеде биыл шамамен 7 600 талапкер өтініш берді.
Ендігі сатыда сұхбат процесінен кейін Түркияға білім алуға шақырылатын талапкерлер анықталады.
Аталмыш бағдарлама аясында студенттерге оқу ақысы, тұру, медициналық сақтандыру, екі жаққа ұшу билеттері және ай сайын шәкіртақы төленеді.
Ұқсас жаңалықтар
Түрікменстанның ынтымақтастық қадамдары
Қасым- Жомарт Тоқаев Мақтымқұлы Пырағының 300 жылдығына арналған халықаралық форумға қатысты.