Шыңғыс Айтматов Бішкектегі мазары басында еске алынды

Айтматов дүниеден озуына 14 жыл толуына орай Бішкектегі мазары басында еске алынды.

1841303
Шыңғыс Айтматов Бішкектегі мазары басында еске алынды
cengiz aytmatov anma3.jpg
cengiz aytmatov anma2.jpg
cengiz aytmatov anma1.jpg
cengiz aytmatov anma.jpg

Танымал қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматов дүниеден озуына 14 жыл толуына орай Қырғызстан бас қаласы Бішкектегі мазары басында еске алынды.

Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының мүшелері, әріптестері мен жанкүйерлері «Ата-Бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніндегі Айтматовтың мазарына барып, гүл шоқтарын қойған соң дұға бағыштады.

Жазушының ұлы Асқар, қызы Ширин, кіші ұлы Эльдар, жары Сәбира да еске алуға қатысты.

Ұлттық ғылым академиясы мүшелері келушілерге жазушы туралы естеліктерін бөлісті.

Академия қызметкерлері мен студенттер жазушының шығармаларын оқып, мазарында комуз (қопыз) ойнап, сурет салу шарасы өткізілді.

Айтматовтар отбасы мазарға келушілерге алғысын білдірді.

Ширин Айтматова жасаған мәлімдемеде «Міне, тура 14 жыл өтті. Бүгін біз әкеміздің еңбегін мақтан тұтамыз. Оқырманы ретінде әкем бүгінгі күндерде әлемге қажет гуманизм мен парасаттылықтың үні» деді.

1928 жылы 12 желтоқсан күні Талас ауданына қарасты Шекер ауылында дүниеге келген Шыңғыс Айтматов 2008 жылы 10 маусым күні Германияда емделуге апарылған ауруханада дүниеден озған болатын.



Ұқсас жаңалықтар