ТӘЖ Бұхараға ұшақ рейсін бастады

Бұхараға TK266 рейс нөмірімен қонған Airbus A321neo типті ұшақ Бұхара әуежайында салтанатты рәсіммен күтіп алынды.

1839051
ТӘЖ Бұхараға ұшақ рейсін бастады

Түрік Әуе Жолдары ұшақ рейсі желісіне Орталық Азияда 2500 жылдан астам тарихы бар және Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының (ЮНЕСКО) «Әлем Мәдени мұра тізіміне» енген Өзбекстанның байырғы қаласы Бұхараны қосты.

Түрік Әуе Жолдарының 339 ұшақ рейсі бар Бұхараға TK266 рейс нөмірімен қонған Airbus A321neo типті ұшақ Бұхара әуежайында салтанатты рәсіммен күтіп алынды.

Алғашқы ұшақ рейсіне орай Бұхара әуежайының перронында лента қиылды.

Әуежайдағы рәсімде сөз сөйлеген Түркияның Өзбекстандағы өкілетті елшісі Олган Бекар Стамбул-Бұхара ұшақ рейсінің қайырлы болуын тіледі. 

Түрік Әуе Жолдарының Бұхараға ұшақ рейсін бастауы Түркия мен Өзбекстан арасында дамыған ынтымақтастықтың бейнесі екенін айтқан Бекар:

"Президент Режеп Тайып Ердоған белгілеген нысаналарға сай Түрік Әуе Жолдары да өз міндетін табыспен орындауда. Бүгін Өзбекстанда 5-ші мекенге Түрік Әуе Жолдарының ұшақ рейсі басталды. Өзбекстан Әуе жолдары да Түркияға ұшақ рейсін жалғастыруда. Аптадағы ұшақ рейсі саны 40-тан асты. Елдеріміз арасында, әсіресе тарихи туризм орталығы Бұхара мен еліміз арасында тың байланыстардың артатынына сенемін" деді.



Ұқсас жаңалықтар