18-ші Астана халықаралық келіссөздері өтеді

Сирия тақырыпты 18-ші Астана халықаралық келіссөздері Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

1831309
18-ші Астана халықаралық келіссөздері өтеді

Сирия тақырыпты 18-ші Астана халықаралық келіссөздері 14-16 маусымда Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Айбек Смадияров баспасөзге жасаған мәлімдемесінде Түркия, Ресей және Иран кепілгерлігінде Сирия дағдарысына шешім табу мақсатындағы Астана халықаралық келіссөздерінің келесі ай Қазақстанда өткізілетінін білдірді. 

Смадияров Сирия тақырыпты 18-ші Астана халықаралық келіссөздерінің Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтан қаласында өтетінін баяндады.

Сирия дағдарысына шешім табу мақсатымен Түркия, Ресей және Иранның кепілгерлігінде 2017 жыл басталған Астана халықаралық келіссөздерінің17-шісі 21-22 желтоқсан күндері аралығында Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтан қаласында өткен еді.

 



Ұқсас жаңалықтар