Ильхам Әлиев Вахит Киришжині қабылдады.

Түркия Ауыл және орман шаруашылығы министрі Вахит Киришжи Бакуде.

1829294
Ильхам Әлиев Вахит Киришжині қабылдады.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев астана Бакуде болған Түркия Ауыл және орман шаруашылығы министрі Вахит Киришжині қабылдады. 

Әзербайжан Президенттік сарайынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Киришжи Әлиевке президент Режеп Тайып Ердоғанның сәлемін жеткізді. 

Әлиев бірнеше күн бұрын Түркияға жасаған сапарды еске салып, бұл сапардың екі ел қарым-қатынастарының дамуындағы рөліне назар аударды. 

Президент Ильхам Әлиев Киришжині Ауыл және орман шаруашылығы министрі болып тағайындалуымен құттықтап табыс тіледі. 

Киришжи де міндетке келгеннен кейін алғашқы сапарын бауырлас Әзербайжанға жасағанын түсіндірді. 

Кездесуде екі ел арасындағы достық пен бауырластық қарым-қатынастардың әр салада дамығанын, ынтымақтастықтың күн тәртібінде ауыл шаруашылықтың маңызды бір рөл ойнағаны білдірілді. 

 



Ұқсас жаңалықтар