«Ежелден салған көпірді нығайтып, жолымызды жалғастырамыз»

Президент Ердоған мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.

1825001
«Ежелден салған көпірді нығайтып, жолымызды жалғастырамыз»

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия-Қазақстан қарым-қатынастары туралы

«Ежелден салған көпірді нығайтып, жолымызды жалғастырамыз» деді.

Президент Ердоған ресми сапармен астана Анкараға келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірқатар келісімдерге қол қою рәсімінен кейін ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.

Президент Ердоған осында сөйлеген сөзінде биыл Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толғанын еске салды. «Тоқаев мырзаның жаңа Қазақстанды қалыптастырудағы күш-жігері мақтауға тұрарлық» деді ол.

Ол «Біз қандай жағдайда да қазақ бауырларымызға қолдау көрсетеміз. Өткенде салған көпірді нығайтып, жолымызды жалғастырамыз» деген сөздер қолданды.

«Түркия мен Қазақстан арасындағы сауда көлемі 58 пайызға өсіп, 5,3 миллиард доллардан асты. Енді одан әрі бірге қадам басып,  10 миллиард долларға жетеміз деп үміттенеміз» деді ол.

Президент сондай-ақ Қазақстанмен Біріккен Ұлттар Ұйымы, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы және Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы, сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымы сияқты платформаларда ынтымақты сақтауға келіскендерін айтты.

Қонақ Президент Тоқаев сөз кезегінде «Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға ​​қасиетті Анадолы жеріне ресми шақырғаны үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Бүгін біз көптеген маңызды мәселелер бойынша кең ауқымды пікірталас өткіздік. Президент Ердоған білімді және  беделді саясаткер. Сондықтан оның пікірлері өте құнды» деді.

Қазақстан басшысы «Түркиядан ешқандай зиян келген жоқ, біз әрқашан жақсылық көрдік. Осы уақытқа дейін солай болды, солай болады да» деді.



Ұқсас жаңалықтар