Чавушоғлу Жээнбек Кулубаевті жаңа міндетімен құттықтады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Литва Сыртқы істер министрі Габриелиус Ландсбергиспен де телефонда сөйлесті.

1821162
Чавушоғлу Жээнбек Кулубаевті жаңа міндетімен құттықтады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев және Литва Сыртқы істер министрі Габриелиус Ландсбергиспен телефон арқылы сөйлесті.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевті жаңа міндетімен құттықтады.

Телефонда екі басшы екі жақтылы қарым-қатынастардағы жақсы жағдайға риза болғандарын айтты.

Телефондағы әңгімеде Ортақ Стратегиялық жоспарлау тобының келесі жиналысын Түркия мен Қырғызстан Сыртқы істер министрлері өресінде өткізуге келісті.

Стратегиялық Ынтымақтастық Жоғарғы Кеңесінің Түркия мен Қырғызстан президенттері өресінде биыл Қырғызстанда өткізілуі қолға алынды. 

Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев халықаралық мәселелер қолға алынған кеңесте Ресей мен Украина арасындағы дағдарысты бәсеңдету процесінде Түркияның бітімгерлік роліне назар аударды.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Литва Сыртқы істер министрі Габриелиус Ландсбергиспен де телефонда сөйлесті.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде екі министрдің Украинадағы соңғы жағдайды талқылағаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар