Қазақстан елшісі Ердоғанға Сенім грамотасын тапсырды
Қазақстан, Вьетнам және Кубаның Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшілері президент Режеп Тайып Ердоғанға Сенім грамотасын тапсырды.
Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоғанға астана Анкарадағы Президенттік сарайда Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Еркебұлан Сәпиевтің Сенім грамотасын салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.
Президент Режеп Тайып Ердоған Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Еркебұлан Сәпиев, Вьетнамның Түркиядағы өкілетті елшісі До Сон Хали, Кубаның өкілетті елшісі Алехандро Франсиско Диас Паласиосты жеке-жеке қабылдады.
Қазақстан Республикасы, Вьетнам және Кубаның Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшілері президент Режеп Тайып Ердоғанға Сенім грамотасын тапсырды.
Өкілетті елшілер елшіліктегі кейбір қызметкерлерді президент Ердоғанға таныстырғаннан кейін естелік үшін бірге суретке түсті.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақ сенатор түрік елшісімен кездесті
Нұртөре Жүсіп «Қазақстан-Түркия қарым-қатынасының одан әрі дамуының келешегі бар» деді.