"Армения жол құрылысының жағрафиялық координаттарын берген жоқ"

Әзербайжан президенті Илхам Әлиев ЕО-тың Кавказдың оңтүстігіне жауапты арнайы өкілі Тойво Клаарды қабылдады.

1814688
"Армения жол құрылысының жағрафиялық координаттарын берген жоқ"

Әзербайжан президенті Илхам Әлиев Әзербайжан мен Нахчыван Автономиялық Республикасы арасында салынуы жоспарланған автожол мен теміржолының Армения арқылы өтетін бөлігінің жағрафиялық координаттарын Ереван әкімшілігінің әлі берілмегенін, мұның процесті кешіктіруі мүмкін екенін білдірді.

Әзербайжан президенттік аппаратынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Әлиев Еуроодақтың (ЕО) Кавказдың оңтүстігі бойынша арнайы өкілі Тойво Клаарды қабылдады.

Қабылдауда Әлиев 6 сәуір күні Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен Бельгияның бас қаласы Брюссельде Еуропалық Кеңес төрағасы Шарль Мишельдің арағайындығымен сындарлы кездесу өткізгенін еске салды.

Брюссель кездесуінің бейбіт келіссөздерге бастау болғанын және осы отырыста бейбіт келісімге келу үшін шекара комиссиясы жұмыс тобын құру жөнінде келісімге қол жеткізілгенін еске салды.

Армениямен бітімгершілік келісімі бойынша келіссөздер жүргізуге әрдайым дайын екендерін атап көрсеткен Әлиев қарым-қатынастардың ілгерілеуі үшін тараптардың келісімдерді құптауының маңызды екенін білдірді.

Армения тарапы нақтылауға тиісті мәселелердің бірінің болса Әзербайжан мен Нахчыван Автономиялық Республикасы арасындағы автокөлік және темір жолын салу мәселесі екенін еске салған Әлиев «Әзербайжандағы 100 шақырымдық теміржол құрылысының 60 шақырымын аяқтадық, келесі жылы құрылысты аяқтаймыз. Өкінішке орай Армения әлі техникалық-экономикалық негіздемесін де бастаған жоқ. Бұл процестің кешіктірілуі мүмкін екенін көрсетеді» деді.

Әлиев үлкен бөлігі аяқталған автожолды 2023 жылдың соңында Армения шекарасына жеткізетіндерін атап «Өкінішке орай, Армения премьер-министрі Брюссельдегі кездесуде жағрафиялық координаттарды нақтыламады. Бұл мәселені 4 ақпан күні бейне конференцияда да көтердім, бірақ жауап қайтармады. 6 сәуір күні тағы жолдың жағрафиялық координаттарын сұрадым, тағы жауап берілмеді. Тезірек аламыз деп үміттенеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар