Ислам елдері Қазан саммитінде бас қосады

Мамыр айында «Ресей-Ислам әлемі: Қазан саммиті 2022» өтеді.

1813887
Ислам елдері Қазан саммитінде бас қосады

Ресей Федерациясының Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласында Ресей мен Ислам Ынтымақтастық Ұйымына (ИЫҰ) мүше елдердің экономикалық өкілдері бас қосатын «Ресей-Ислам әлемі: Қазан саммиті 2022» өтеді.

Саммитке халықаралық ұйымдардың, қоғамдық және қаржылық институттардың өкілдері, елшілік қызметкерлері, саясаткерлер, инвесторлар мен іскер адамдар қатысады.

Ресей мен ИЫҰ-ға мүше елдер арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік және мәдени байланыстарды нығайтуды мақсат еткен саммиттің 13-шісі ағымдағы жылдың 19-21 мамырында өтеді.

Басты тақырыбы «экономиканы ортақ пайдалану және халал түсінігінің ортақ табыстары» деп белгіленген саммитте исламдық қаржыландыру және бірлескен банкинг, халал индустриясы, жастар дипломатиясы, экспортты дамыту, кәсіпкерлік және инвестиция мәселелері талқыланады.

Саммит шеңберінде «Russia Halal Expo 2022» көрмесі, «Машина жасау кластері форумы», сондай-ақ Дүниежүзілік халал күні және Еділ Болгарларының Исламды қабылдауының 1100 жылдығы аясында өткізілетін іс-шаралар жоспарланды.

Сонымен қатар «ИЫҰ елдерінің жас кәсіпкерлер форумы» және «ИЫҰ елдерінің жас дипломаттарының форумы», қаржы секторындағы нақты мәселелер талқыланатын «SberTalk» іс-шарасы және консервативті киімдерге арналған «Modest Fashion Day» сән көрсетілімі өтеді.

Өткен жылы саммитке 64 ел мен Ресейдің 41 аймағынан 5 мыңға жуық адам қатысқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар