Байрамов пен Мирзоян телефонда сөйлесті
Екі министрдің Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбітшілік келісімнің дайындықтарын бастау жұмыстарын талқылағаны білдірілді.

Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянмен телефон арқылы сөйлесті.
Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде министрлердің Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбітшілік келісімнің дайындықтарын бастау жұмыстарын талқылағаны білдірілді.
Екі ел арасындағы ортақ шекара комиссиясын құру жайлы кеңескен министрлер гуманитарлық тақырыптарда да көзқарас алмастырды.
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинянның 6 сәуірде Бельгия астанасы Брюссельде өткізген кездесуінде бейбітшілік келісімінің дайындығын бастау үшін екі елдің Сыртқы істер министрліктеріне бұйрық беруге шешім жасалып, ортақ шекара комиссиясын құру жайлы келіскен болатын.
Ұқсас жаңалықтар

Әзербайжан Қарабахтағы армян қауымы өкілдеріне ұсыныс жасады
Әзербайжан Қарабахтағы армян қауымы өкілдеріне Бакуде бас қосуды ұсынды.

Сайлау қортындысының құтты болуын тіледі
Түркия Түрікменстан сайлауына байланысты хабарлама жариялады