Мутталибов қайтыс болды

Аяз Муталлибов 84 жасында дүниеден өтті.

1802716
Мутталибов қайтыс болды

Кеңес Одағынан тәуелсіздігін жариялаған Әзербайжанның тұңғыш президенті Аяз Муталлибов 84 жасында дүниеден өтті.

Бакуде туған Муталлибов 1989 жылы Әзербайжан Кеңестік Социалистік Республикасы Министрлер Кеңесінің төрағасы болып тағайындалды және Әзербайжан Кеңес Одағынан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін де елді басқаруды жалғастырды.

Аяз Муталлибов 1991 жылы 8 қыркүйекте өткен сайлауда жеңіске жетіп, тәуелсіз Әзербайжанның тұңғыш президенті болды. 1992 жылы 6 наурызда қызметінен кеткен Муталлибов Ресейге қоныс тепті. 2012 жылға дейін Ресейде тұрған Муталлибов еліне оралып, саясатқа араласпайтынын мәлімдеген еді.

Муталлибовтың ауруханада жатқанына біраз болды.



Ұқсас жаңалықтар