Ердоған Сердар Бердімұхамедовпен телефонда сөйлесті

Президент Ердоған Сердар Бердімұхамедовты Түркіменстанның жаңа президенті болып сайлануымен құттықтады.

1796157
Ердоған Сердар Бердімұхамедовпен телефонда сөйлесті

Түркіменстанда 12 наурызда өткен президент сайлауында Сердар Бердімұхамедов жеңіске жетті.

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті. 

Президенттік Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Ердоған мен Бердімұхамедов телефондағы әңгімеде екі ел қарым-қатынастарын дамыту жайлы басылатын қадамдарды және аймақтық тақырыптарды қолға алды.

Президент Ердоған әңгіме барысында Сердар Бердімұхамедовты Түркіменстанның жаңа президенті болуымен құттықтады. 

Түркіменстанның Құрбанқұлы Бердімұхамедовтың басшылығында қарқынды дамығанын, жаңа президент Сердар Бердімұхамедовтың қол жеткізген жеңістерді тіпті ілгері апаратынына сенгенін білдірген президент Ердоған күшін ортақ тарих және мәдениеттен алған екі ел қарым-қатынастарының жаңа кезеңде де жалғасатынын айтты. 

 



Ұқсас жаңалықтар