Қарабахта армяндар Әзербайжан базасына оқ атты

Ходжалы және Горанбой уәлаяттарына заңсыз армян күштерінің оқ жаудырғаны білдірілді.

1792448
Қарабахта армяндар Әзербайжан базасына оқ атты

Қарабахта орыс армиясының уақытша бақылауындағы аймақтарда тұратын заңсыз армян күштері Әзербайжан базасына оқ атты.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде 8 наурыз күнінен бүгін азанға дейін Ходжалы және Горанбой уәлаяттарына заңсыз армян күштерінің оқ жаудырғаны білдірілді.

Мәлімдемеде Әзербайжан әскерлерінің армян күштерінің әрекетін тосу мақсатымен қарымжы қайтарғаны хабарланды.

Мәлімдемеде Әзербайжан армиясының азаматтық орындарды нысанаға алмағаны, тек заңсыз армян күштерінің базаларына ғана оқ атқаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар