TURKOVAC зерттеуі Әзербайжанда жалғасуда

TURKOVAC-тың ескерту компоненті Faz-3 клиникалық жұмыстары Әзербайжанда басталады.

1791717
TURKOVAC зерттеуі Әзербайжанда жалғасуда

Жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетіне қарсы жетілдірілген ұлттық вакцина TURKOVAC-тың ескерту компоненті Faz-3 клиникалық жұмыстары Әзербайжанда басталады.

Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан TURKOVAC-тың Әзербайжанда басталатын ескерту компоненті Faz-3 клиникалық жұмыстарына байланысты жазбаша мәлімдеме жасалды.

Мәлімдемеде мыналар жазылды:

"Дүниежүзілік Төтенше жағдайда пайдалану рұқсатын (AKO) алған басқа Ковид-19 вакциналары сияқты TURKOVAC-ты да шетелде қолдану жұмыстары мұқият жалғасуда. Осы аядағы көптеген ғылыми жиналыстар нәтижесінде TURKOVAC-тың шетелдегі жұмыстары үшін дайын болған алғашқы ел Әзербайжан болды.

Осы жұмыспен бірге Түркия Республикасы тарихында тұңғыш рет жақсы өндіріс стандартымен толық жергілікті өндірілген бір вакцина шетелдерде қолданылады. Клиникалық зерттеуде 2-ші компонент инактивтендірілген вакцина салғызған Әзербайжан азаматтары 3-ші компонент ретінде TURKOVAC вакцинасын салғызады.

Зерттеуге қатысу үшін 18-59 жас арасында болу, 2-ші компонент инактивтендірілген вакцина салғызған, 2-ші компоненттен кейін кемінде 90 күн, ұзақ болғанда 270 күн өткен болуы, бұрын вирусты жұқтырмаған болуы сияқты шарттары бар." 



Ұқсас жаңалықтар