Фахреттин Алтун Холокост құрбандарын еске алды

Алтун: "Халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күнінде құрбандардың барлығын құрметпен еске аламын".

1769403
Фахреттин Алтун Холокост құрбандарын еске алды

Президенттік коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун нәсілшілдік, исламофобия және кемсітушіліктің барлық түрлерімен күресудің адамзаттың ең үлкен міндеті екенін айтты.

Алтун әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған мәлімдемеде «Халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күнінде құрбандардың барлығын құрметпен еске аламын. Нәсілшілдік, исламофобия және кемсітушіліктің барлық түрлерімен күресу адамзат ретінде біздің ең үлкен міндетіміз. Осы орайда тағы да еске сала кетейік. Әділ әлем мүмкін» деді.

Фахреттин Алтун хабарламасында Президенттік Коммуникация басқармасы дайындалған «Холокост қырғыны» туралы бейнежазба жариялады.

Бейнежазбада Холокосттың адамзаттық тарихының ең қараңғы кезеңдерінің бірі екені атап көрсетілді. Бейнежазбада бұл қырғынның өшпенділіктің, антисемитизмнің, зорлық-зомбылық пен надандықтың көрінісі екеніне назар аударылып «Өкінішке орай, осы сұмдық апаттан кейін 80 жыл өтсе де, миллиондаған еврейдің қырғынға ұшырауына әкелген жағдайлар әлі де бар. Қоғамдарымыздың әсіре оңшылдардың, нәсілшілдіктің, исламофобияның, антисемитизмнің, ксенофобияның және өшпенділіктің артуына байланысты поляризациясы адамзаттың ортақ құндылықтарына айқын қауіп төндіреді» делінді.



Ұқсас жаңалықтар