Орталық Азия елдерінде электр жүйесі қалпына келді

Энергетика министрі Досқұл Бекмырзаев Кеңестер Одағы кезеңінде құрылған Орталық Азия Ортақ электр жүйесінде тұңғыш рет "төтенше бір жағдай" болғанын айтты.

1768201
Орталық Азия елдерінде электр жүйесі қалпына келді

Орталық Азия елдері Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстанда электр қуатының жаппай өшуінен кейін кейбір облыстарда электр желісі оңала бастады.

Қазақстан электр энергиясы компаниясы «KEGOC»-тың мәлімдемесінде жергілікті уақыт  бойынша сағат 13.39-дан бастап Алматы қаласы мен Алматы облысында электр қуатының жаппай үзілуін жөндеу жұмыстарының нәтижесінде барлық электр жүйелері қайтадан ашылғаны білдірілді.

Мәлімдемеде басқа қалаларда жұмыстардың жалғасқаны хабарланды.

Өзбекстанда электр қуатының жаппай өшуінен кейін елдің кейбір облыстарына электр қуаты таратыла бастады.

Өзбекстан Энергия министрлігінен жасалған мәлімдемеде Ташкенттегі Чарвак, Хочакент және Таваксай мен Невай, Қарақалпақстандағы Тахиаташ, Ферғана​​​​дағы  Ферғана термалдық станциясының қайта жұмыстануымен аймаққа электр таратыла бастағаны, уақытша тоқтаған әуежайдың да қайта ашылғаны білдірілді.

Аспалы вагондарда қалып қойған 80 адам құтқарылды.

Қырғызстандағы барлық облыстарда бұзылған электр  жүйесінің жартысы жөнделді.

Энергетика министрі Досқұл Бекмырзаев журналистерге мәлімдемесінде Кеңестер Одағы кезеңінде құрылған Орталық Азия Ортақ электр жүйесінде тұңғыш рет "төтенше бір жағдай" болғанын айтты.

Досқұл Бекмырзаев көрші бауырлас елдермен бірге зерттеу комиссиясын құратындарын, электр үзілістерінің себебін зерттейтіндерін жариялады.

2 сағат электр өшкен Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында электр қайта жалғанды.

Жалалабад және Шу қалаларына да электр берілген.



Ұқсас жаңалықтар