Қазақстанда «қызыл» деңгей доғарылды

Қазақстанда Алматы қатарлы қалаларда «қызыл» деңгейі жойылады.

1768662
Қазақстанда «қызыл» деңгей доғарылды

Қазақстанда Алматы қаласы мен Алматы және Жамбыл облыстарында террорлық қауіптің шекті «қызыл» деңгейі доғарылды.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штаб  тарапынан жасалған мәлімдемеде «Қала аумағында қабылданған қаулыға сәйкес, 26 қаңтарда сағат 00:00-ден бастап лаңкестікке қарсы антитеррорлық іс-шара режимі тоқтатылып, лаңкестік қауіптіліктің ''қызыл'' деңгейі жойылады» деп көрсетілді. .

Мәлімдемеге қарағанда  құқық қорғау қызметкерлері жаппай тәртіпсіздіктерге қатысушылар мен ұйымдастырушыларды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жалғастыруда.

Қазақстан Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов журналисттерге жасаған мәлімдемесінде террор операциясы аясында 515 ұрланған қару-жарақтың қолға түсірілгенін айтты. 

Әділов бақылау астына алынған 98 адамның қару ұрлағаны және 61 адамның да заңсыз қару қолданғаны себепті сотталатындарын білдірді. 

Қазақстан Бас прокуроры да азаматтардың қаза табуына байланысты тергеу жұмыстардың мұқиятты түрде жалғасып жатқанын түсіндірді.

Қазақстанның батысында 2 қаңтарда сұйытылған мұнай газының қымбаттауы және елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы себебімен басталған наразылықтар елдің бұрынғы астанасы Алматыда зорлық-зомбылыққа ұласты.

Наразылық шерулері тараған соң ел көлемінде төтенше жағдай жарияланды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен ҰҚШҰ Бейбітшілік күші елге келген болатын.



Ұқсас жаңалықтар