Қарабахқа автобус қатынайтын болды

Алғашқы сатыда тек Әзербайжан азаматтары ғана Қарабахқа автобуспен бара алады.

1764571
Қарабахқа автобус қатынайтын болды

Әзербайжанда Армения оккупациясынан азат етілген Қарабахқа тұрақты автобус қатынайтын болады.

24 қаңтардан бастап Баку-Шуша, Баку-Агдам, Ахмедбейли-Шуша, Физули халықаралық әуежайы-Шуша және Берде-Агдам бағыттарында тұрақты автобус қатынайтын болады.

Сапарлар  Ахмедбейлі-Шуша бағытында аптасына 4 рет, қалған бағыттарда 2 рет жүргізіледі. Физули халықаралық әуежайы-Шуша автобустары ұшақ рейстерімен қатар жүреді.

Алғашқы сатыда тек Әзербайжан азаматтары ғана Қарабахқа автобуспен бара алады.

Автобус қатынасының арқасында азаматтар басқыншылардан азат етілген өңірлерге барып, қазіргі жағдайды өз көздерімен көре алады.

Келушілер қауіпсіздік пен мина қаупіне байланысты аймақта түней алмайды және сол күні қайтады.

Әзербайжан армиясы 2020 жылдың 10 қарашасында 30 жылға жуық армян басқыншылығында болған Қарабахты азат еткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар