Сапарбекұлы баспасөз жиналысын өткізді

Абзал Сапарбекұлы ҰҚШҰ Бейбітшілік күшінің Қазақстанда әрқандай бір террорге қарсы операцияға қатыспағанын және қатыспайтынын айтты.

1761028
Сапарбекұлы баспасөз жиналысын өткізді

Қазақстанның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Абзал Сапарбекұлы Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Бейбітшілік күшінің елде әрқандай бір террорге қарсы операцияға қатыспағанын және қатыспайтынын айтты.

Абзал Сапарбекұлы бас қала Анкарада Қазақстандағы жағдайға байланысты баспасөз жиналысын ұйымдастырды. 

Абзал Сапарбекұлы елдегі протестсттердің басталу себебіне тоқталып, Қазақстан үкіметінің азаматтардың талабына дереу жауап бергенін және сұйытылған газ бағасын төмендету шараларын жасағанын, рұқсатсыз протест кезінде ұсталғандардың босатылғанын айтты.

Абзал Сапарбекұлыкейбір қалалардағы протесттердің террорист, ұшқарылар мен қылмыс топтары тарапынан жағдайды күш қолдану оқиғаларын асқындыру үшін пайдаланғанын тілге тиек етті.

қазақстанның Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдерден елдегі жағдайдың тұрақтануына қолдау беру үшін бейбітшілік күшін жолдауды сұрауға мәжбүр қалғанын айтқан Сапарбекұлы:

"Бейбітшілік күшінің міндеті стратегиялық базалар мен Қазақстанның заң-тәртіп күштерін қорғау. Бейбітшілік күші елде әрқандай бір террорге қарсы операцияға қатыспады және қатыспайды" деді. 

Сапарбекұлы:

"Қазірге дейін 16 әскер шейіт болғаны анықталды. Террорлық шабуыл болуының дәлелі екі әскеріміздің басы кесіліп, қинаумен өлтірілді. 1300 тәртіп сақшысы жараланды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 4 облыста (Қызылорда, Алматы, Жамбыл және Алматы қаласы) 164 адам қайтыс болды, 2000 адам түрлі жарақаттар алды, жалпы 8 мың адам қамауға алынды, тергеулер жалғасуда" деді.

Сапарбекұлы оқиғалардың елге салған зияны 3 миллиард долларға жеткенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар