Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда

Қазақстан президенті елдегі оқиғалардан ең көп зардап шеккен Алматы қаласына барды.

1761631
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда

Ақорда ресми парақшасының хабарлауынша, Тоқаев бүгін Алматыдағы Полиция департаменті Шұғыл әрекет ету басқармасының орталығында жоғары лауазымды тұлғалармен кездесті.

Мемлекет басшысы Шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізді. Тоқаев Алматыға өз елінің ең ірі қаласына жасалған лаңкестік әрекеттің салдарын өз көзімен көру үшін барғанын айтты.

Тоқаев жиналыста қаладағы барлық мекемелердің инфрақұрылымдық нысандарын, соның ішінде мемлекеттік мекемелерді тез арада жөндеуді тапсырғанын мәлімдеді.

Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) бейбітшілік күшінің өз еліндегі жағдайды тұрақтандыруда өте маңызды рөл атқаратынын тілге  тиек етіп, «ҰҚШҰ Бейбітшілік күшінің ертең кері шегінуі басталады. Тиісті елдердің басшыларымен телефон арқылы сөйлестім. Осы сәтті пайдалана отырып, санаулы күнде атқарылған жұмыстар үшін бөлімшенің қолбасшылығына алғыс айтамын. Әрине, террористтер мен қарақшылардың шабуылдаушыларға тойтарыс беру үшін психологиялық маңызы зор болды. Сәтті миссия деп бағалауға болады» деді.

Мемлекет басшысы күштік құрылымдардағы қаза болған қызметкерлердің отбасы мүшелерімен кездесті.

Қазақстанның батысында 2 қаңтар күні сұйытылған мұнай газының қымбаттауы мен елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты наразылық шерулері елдің басқа аймақтарына да тараған болатын. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің отставкасын қабылдады.

Наразылық шерулері тараған соң ел көлемінде төтенше жағдай жарияланды. ҰҚШҰ Бейбітшілік күші Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен елге аттанған болатын.

ҰҚШҰ-ның құрамында Ресей, Беларусь, Армения, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан орын алады.



Ұқсас жаңалықтар