Анкарада Қазақстанға байланысты ғылыми конгресс

Анкарада «Халықаралық қазақ тарихы, мәдениеті және тілі конгресі» өтті.

1753959
Анкарада Қазақстанға байланысты ғылыми конгресс
kongre_Kazakistan_kazakça

Түркияның Анкара қаласында Қазақстанның Тәуелсіздігінің 30 жылдығына  орай «Халықаралық қазақ тарихы, мәдениеті және тілі конгресі» өтті.

Аталған іс-шара Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі, Анкара әлеуметтік білімдер зерттеу институты, “New Era”  әлеуметтік зерттеу журналы, ТҮРІКСОЙ және "Көк ту" үкіметтік емес ұйымының ұйымдастыруымен өтті.

Аталған халықаралық конгреске Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңес төрағасы Мухиддин Шимшек, IKSAD (Экономикалық даму әлеуметтік зерттеулер институты) төрағасы док.Мустафа Латиф Емек, Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксойдың қазақстандық өкілі Бақытжан Омаров, док. Хасан Явуз, «КөкТу» Қазақ мәдениеті  қауымдастығының төрағасы Ләззат Мүлазымоғлу, университет оқытушылары, қазақ-түрік студенттері және БАҚ өкілдері қатысты.

Конгрестің ашылу салтанатында сөз алған Елші Абзал Сапарбекұлы ұлттық бірегейлік үшін тарих, мәдениет, тіл-ұлттық болмыстың негізін құрайтындығын, сондықтан бүгінгі когресс Қазақстанның ұлттық болмысын түсінуде пайдалы болатынын атап өтті.

Елші сөзінің соңында Қазақстанның 30 жыл ішінде елдегі саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынастардың қарқынды дамуының арқасында қол жеткізген жетістіктеріне тоқталып өтті.

Конгресте сөз алған Ахмет Ясауи Өкілетті кеңес төрағасы Ш.Мухиттин, IKSAD төрағасы док.Мұстафа Латиф Емек, док. Хасан Явуз және басқа да қатысушы қонақтар кезекпен сөз алып, биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен қазақ халқын құттықтап, өздерінің шынайы тілектірін білдіріп, екі мемлекет арасындағы саяси, экономикалық байланыстар мен бірге мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды одан әрі сапалы түрде дамытудың маңыздылығын атап көрсетті.

Аталған іс-шара соңында Елші А.Сапарбекұлы екі мемлекеттің мәдени-гуманитарлық байланыстарын дамытуға ерекше үлес қосқан конгресс төрағасы Проф.Док. Орхан Доғанға, Кахраманмараш Сүтчу Имам университетінің оқытушысы, док. Хикмет Демирджиге, Токат Гази Осман Паша университетінің оқытушысы док. Марлен Әділовке, док. Осман Кабадайыға алғыс хаттарын табыстады.

Соңынан Анкарада жоғары оқу орындарында оқып жүрген қазақ студенттерінің орындауында домбырамен қазақ күйлері мен әндері шырқалды.

Конгрестің бірінші күні арнайы шақырылған   8 қонақ сөз сөйледі, түстен кейін 16 зертеуші баяндама жасады.

Екінші күні де  58 баяндамашы конгресте баяндамаларын оқиды.

Конгресте барлығы 82 ғылыми зерттеу мақаласы ұсынылды. Сонымен қатар конгреске 6 елдің университеттері мен институттары, оның ішінде  Түркия, Қазақстан, Әзербайжан, Украина және Австралияның ғылыми зерттеушілері қатысты. Халықаралық конгреске баяндамалар қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілінде ұсынылды.

 

Мәлімет пен суреттер Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметінен алынды. 



Ұқсас жаңалықтар