Қырғызстандағы депутат сайлауының нәтижесі жарияланды

Қырғызстанда 3 миллион 703 мың 420 тіркеулі сайлаушының бір миллион 281 мың 622-сі 2 мың 496 сандықта дауыс берді.

1748138
Қырғызстандағы депутат сайлауының нәтижесі жарияланды

Қырғызстанда 28 қарашада өткізілген депутат сайлауының ресми нәтижесі жарияланды.

Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының ресми интернет парақшасында жарияланған ресми нәтижеге қарағанда 3 миллион 703 мың 420 тіркеулі сайлаушының бір миллион 281 мың 622-сі 2 мың 496 сандықта дауыс берді.

Қырғызстанда парламент сайлауына сайлаушылардың  34.84 пайызы қатысты.

Ресми дауыстың партияларға бөліну жағдайына қарағанда 21 партия қатысқан сайлау нәтижесінде 6 саяси партия 5 пайыздық ұлттық және 0.5 пайыздық аймақтық сайлау өткелінен өтті.

«Ата-Жұрт Қырғызстан» 222 мың 5 дауыспен 15, «Ишеним» партиясы 174 мың 4701 дауыспен 12, «Ынтымақ» партиясы 141 мың 9 дауыспен 9, «Альянс» партиясы 106 мың 955 дауыспен 7, «Бүтін Қырғызстан» партиясы 90 мың 223 дауыспен 6, «Иман нұры» партиясы 79 мың 25 даыспен 5 депутатпен парламентке кірді.

Қалған 15 саяси партия депутат шығара алмады.

28 қарашада өткен  7-ші кезекті Парламент сайлауындағы 54 орынды саяси партиялар, 36 орынды тәуелсіз үміткерлер иеледі. 

Қырғызстан 2021 жылы 11 сәуірде өткен референдумда жаңа Атазаңды қабылдап, «Парламенттік жүйеден» «Президенттік жүйеге» өтті. Жаңа жүйе бойынша 90 орынды Жоғарғы Кеңесте бір мандатты облыстардан сайланған 36 депутат және 54 орында саяси партия өкілдері міндет атқарады.



Ұқсас жаңалықтар