Шыңғыс Айтматов еске алынды

"Қырғызстанның рухы, боздаланың ғұламасы, Түркі әлемінің әдебиет елшісі Шыңғыс Айтматовты сүйіспеншілік, сағыныш және мейіріммен еске аламыз".

1746328
Шыңғыс Айтматов еске алынды

Танымал қырғыз жазушы Шыңғыс Айтматов 93 жылдығында Қырғызстанда іс-шаралармен еске алынды.

"Ата-Бейіт" Ұлттық тарих және ескерткіш комплексінде Түркі әлемінің ортақ құндылығы қырғыз жазушы Шыңғыс Айтматовтың қабіріне отбасы, кәсіптестері мен жанкүйерлері гүл шоқтарын қойып, дұға қылды. 

Қырғызстан-Түркия Манас университетінің ректоры Профессор доктор Алпаслан Жейлан қабір басындағы сөзінде Манас университеті кампус атының Шыңғыс Айтматов екенін ескертіп:

"Қырғызстанның рухы, боздаланың ғұламасы, Түркі әлемінің әдебиет елшісі Шыңғыс Айтматовты сүйіспеншілік, сағыныш және мейіріммен еске аламыз" деді.

Мәдениет, Ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі Бішкектегі Айтматов мүсіні алдында кітап оқу іс-шарасын ұйымдастырды және Айтматовқа байланысты сайыстарда табысты болғандарға жүлде берді.

Талас облысының Шекер ауылында 1928 жылы 12 желтоқсанда дүниеге келген Шыңғыс Айтматов 2008 жылы мамырда орыс телеарнасының  бағдарламасын түсіру сапарында Татарстанның бас қаласы Қазанда науқастанып, емделу үшін барған Германияда 10 маусымда қайтыс болды.

Танымал жазушы Шыңғыс Айтматов Қырғызстанның бас қаласы Бішкектегі Ата-Бейіт Ұлттық тарих және ескерткіш комплексінде  әкесі Төреқұл Айтматовтың қабірінің қасына жерленген болатын. 



Ұқсас жаңалықтар