Әзербайжанмен білім саласында ынтымақтастық

Әлиев ТР Жоғары білім беру мекемесінің төрағасы Проф. Ерол Өзварды қабылдады.

1741868
Әзербайжанмен білім саласында ынтымақтастық

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев жұмыс сапармен Бакуге барған ТР Жоғары білім беру мекемесінің төрағасы Проф. Ерол Өзварды қабылдады.

Әзербайжан Президенттік аппараты баспасөз қызметі Өзвардың Әлиевке президент Ердоғанның сәлемін жеткізіп, тікұшақ апатында қаза тапқан әскерлер үшін көңіл айтқанын білдірді.

Кездесуде Әзербайжан мен Түркия арасындағы достық пен бауырластықтың барлық салада жетілгені және білім берудегі ынтымақтастықтың нығайтылуына қосқан үлесі атап көрсетілді.

Әлиев пен Өзвар білім саласындағы ынтымақтастықтың болашағы, Әзербайжанда Түркиямен бірге университет құрылуы және басқа да тақырыптарда көзқарас алмасты.



Ұқсас жаңалықтар