Фарабидің кітабы Анкарада таныстырылды

Кітап Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай Түріксой тарапынан түрік тіліне аударылды.

1742029
Фарабидің кітабы Анкарада таныстырылды

Түріксой тарапынан жарияланған Фарабидің кітабы Анкарада таныстырылды.

Түрік әлемінің ғұлама данасы Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай Түріксой тарапынан түрік тіліне аударылған «Музыка туралы үлкен кітап» кітабы  Анкарада таныстырылды.

Президенттік Ұлттық кітапханада өткен шарада сөз сөйлеген Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Фарабидің жан-жақты ғалым екенін және заманауи көп салалы зерттеулердің тамырының Ислам өркениетінде жатқанын айтты.

Калин еңбекті дайындаған Түріксойға және үлес қосқан қайраткерлерге алғысын білдіріп, “Оның шығармаларын еске сала отырып, біз де осы дәстүрді жаңалап, жандандыратын қадам басамыз деп үміттенеміз” деді.

Түріксой Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов Фараби Түркістанның әлемдік өркениетке тарту еткен маңызды тұлғаларының бірі екеніне тоқталып, «Біздің ұйым Фарабидің мәдениет пен өркениет туралы түсінігін заманауи ғылым арқылы бүгінгі әлемге жеткізуге тырысатын университеттермен тығыз байланыста жұмыс істейді. Стамбул университеті Фараби Еуразиялық зерттеулер орталығының қолдауымен біз ұлы ойшылдың кітабының бірінші томын ғылым әлеміне сыйға тарттық» деді.

Қасейінов Фарабидің түрік тіліне аударылған еңбегінің аса маңызды екенін, оның «адамзаттың екінші ұстазы» ретінде танылғанын және философия, логика, математика, метафизика, астрономия және басқа да көптеген салаларда әлемдік ғылым әдебиетіне зор үлес қосқанын атап өтті.

Қазақстанның Түркиядағы өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы сөз кезегінде әлемдік өркениеттің ажырамас бөлігі саналатын көне Тұран аймағы Азия мен Еуропаны географиялық тұрғыдан ғана емес, рухани-мәдени тұрғыдан да байланыстыратынын айтты.

Беташар сөздерден  кейін лауазым иелері «Музыка туралы үлкен кітаптың» лентасын бірге қиды.

Түркі әлемінің даңқты тұлғасы Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай оны ЮНЕСКО 2020-2021 жылдарға арналған мерейтойлық тізіміне енгізіп, түркі халықтарының мәдениеті мен өнерінің ортақ шаңырағы Түріксой да осы шеңберде Фарабиге арналған түрлі шаралар ұйымдастырып келеді.



Ұқсас жаңалықтар