Түркияның төрінде Қазақстан концерті

Анкарада Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған концерт өтті.

1740703
Түркияның төрінде Қазақстан концерті
Kazakistan_konser_kazakça

 

27 қараша күні Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Түркия Республикасының мәдениет министрлігінің Президенттік симфониялық оркестрінің концерттік залында Еуразия симфониялық оркестрінің концерті өтті.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған концертте Қазақстанның халық әртісі, еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Ұлттық өнер университетінің ректоры, есімі әлемге танымал скрипкашы Айман Мұсаходжаева өнер көрсетті.

Сонымен қатар опера әншісі Талғат Мұсабаев, дарынды композитор Рахат-би Әбдісағын өз өнерлерін тыңдармандарға ұсынды. Солистерді дирижер Айдар Торыбаевтың жетекшілігіндегі оркестр сүйемелдеді.

Қазақтың қара домбырасымен халқымыздың дәстүрлі күйлерін орындаған “Шабыт” домбырашылар оркестрі көрермендерді өнерлеріне тәнті етті.  

Салтанатты концертті Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы, Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксойдың  Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов және Анкарадағы дипломатиялық миссия басшылары, дипломаттар, Түркия мемлекеттік органдарының басшылары, университет оқытушылары, зиялы қауым, диаспора, Анкарада білім алып жатқан студенттер мен БАҚ өкілдері тамашалады.  

 

Хабар мен сурет елшілік баспасөз қызметінен алынды.



Ұқсас жаңалықтар