Түркия Әзербайжандағы шейіттер үшін көңіл айтты

Әзербайжанда болған тікұшақ апатында 14 әскер шейіт болды және 2 әскер жараланды.

1740971
Түркия Әзербайжандағы шейіттер үшін көңіл айтты

Әзербайжан Мемлекеттік Шекара басқармасына қарасты бір әскери тікұшақ құлады.

Тікұшақ апатында 14 әскер шейіт болды және 2 әскер жараланды.

Мемлекеттік шекара басқармасынан жасалған мәлімдемеде апаттың жергілікті уақыт бойынша сағат 10.40 мөлшерінде Хызы аймағындағы Карахейбет әуе әскери жаттығу алаңында болғанын хабарлады.

Лауазымдылар оқиға болған аймаққа барды, апатқа байланысты тергеу басталды.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев үндеу жариялап, апатта қаза тапқан әскерлердің отбасына және жақындарына көңіл айтты. 

Түркия Әзербайжанның Хызы аймағындағы Карахейбет әуе әскери жаттығу алаңында құлаған әскери тікұшақта шейіт болған үшін көңіл айту мәлімдемесін жариялады.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Әзербайжанның Хызы аймағындағы Карахейбет әуе әскери жаттығу алаңында жаттығу жасаған бір әскери тікұшақтың құлағанын және шейіттер мен жаралылар болған қайғылы хабарды естіп, қайғырғанымыздық деп жазылды.

Мәлімдемеде шейіттерге Алладан иман, жаралыларға шұғыл шипа тілектері жеткізілді.

ТҰҰМ төрағасы Мұстафа Шентоп мәлімдемесінде:

"Бүгінгі тікұшақ апатында шейіт болған әзербайжандық бауырластарымызға Алладан иман,  жаралыларға шипа тілеймін. Әзербайжан халқына көңіл айтамын" деп көрсетті. 

Президенттің орынбасары Фуат Октай әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде:

"Әскери тікұшақ апатында шейіт болған әзербайжандық бауырластарымызға Алладан иман,  жаралыларға шипа тілеймін. Жан Әзербайжан халқына және үкіметіне шынайы көңіл айтамын" деді.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовқа телефон шалып, шейіт әскерлер үшін көңіл айтты, жаралыларға шипа тіледі.

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Әзербайжан Қорғаныс министрі генерал Закир Хасанов пен Әзербайжан Мемлекеттік Шекара басқармасының төрағасы генерал Элчин Гулиевке телефон шалып, Әзербайжанның Хызы аймағындағы Карахейбет әуе әскери жаттығу алаңында жаттығу жасаған әскери тікұшақта шейіт болғандар үшін көңіл айтты, жаралыларға шипа тіледі.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің Твиттер желісіндегі мәлімдемеде:

"Бауырлас Әзербайжанның Хызы аймағындағы Карахейбет әуе әскери жаттығу алаңында жаттығу жасаған бір әскери тікұшақтың құлаған хабарын естіп, қайғырдық. Шейіттерімізге Алладан иман,  жаралыларға шипа тілейміз. Әзербайжандық бауырластарымызға көңіл айтамыз және сабыр тілейміз" деп көрсетілді. 



Ұқсас жаңалықтар