Түрікменстан тұрғысынан бетбұрыс болды

Сыртқы істер министрі баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.

1734951
Түрікменстан тұрғысынан бетбұрыс болды

Түрікменстан Сыртқы істер министрлігі Стамбулда өткен соңғы Түркі Мемлекеттері Ұйымы саммитінің Түрікменстан тұрғысынан бетбұрыс екенін білдірді.

Түрікменстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Вепа Хаджиев Ашхабатта ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында 12 қараша күні Стамбулда болған Түркі Мемлекеттері Ұйымының саммиті туралы мәлімдеме жасады.

Саммитке Түрікменстанның бақылаушы мүше ретінде қатысуының маңыздылығын атап көрсеткен Хаджиев экономика, сауда, инвестиция, экология, білім және түрлі салады ортақ жұмыстану үшін ауқымды мүмкіндіктер болуына орай саммиттің Түрікменстанның мүше елдермен ықпалдасуы тұрғысынан бетбұрыс болғанын білдірді.

Хаджиев маңызды аймақтық құрылым ретінде Түркі Мемлекеттері Ұйымының мәдени құндылықтармен әлем халықтарын бірлестіргенін және елдер арасындағы гуманитарлық қатынастарды нығайтқанын меңзеді.



Ұқсас жаңалықтар